Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдері Ресей нарығына еркін кіретін болды

539

Келісім аясында Ресейге сиыр еті, қой еті, шошқа еті, сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ өзге де ет өнімдерін экспорттау қолжетімді.

Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдері Ресей нарығына еркін кіретін болды Фото: Inbusiness.kz

2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясы Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шешім Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлері Айдарбек Сапаров пен Дмитрий Патрушев арасындағы желтоқсандағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде қабылданған.

"Қазақстандық өнімді экспорттаудағы кедергілерді жою жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүргізілуде. Бұл Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды қадам, қос ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға ықпал етеді", - деді министр Айдарбек Сапаров.

2022 жылдың қаңтарында Қарағанды облысында аусыл ауруының пайда болуына байланысты РФ-на қазақстандық өнімнің импорты шектелген болатын. Алайда, 2 жылдық үзілістен кейін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының вакцинациясымен ресми қолайлы аймақ мәртебесіне ие Қазақстанның аймақтарынан алынған мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге нарық ашылады. Қалған өңірлерде жұмыс жалғасады.

Келісім аясында Ресейге сиыр еті, қой еті, шошқа еті, сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ өзге де ет өнімдерін экспорттау қолжетімді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің ауылшаруашылық министрліктері "ЕАСУ" АЖ ақпараттық жүйелерін "Аргус-Фито" ФМАЖ және "Меркурий" (Россельхознадзор) ФМАЖ-мен интеграциялауды жоспарлауда. Бұл ветеринарлық-бақылау процедураларын жеңілдетуге және оңтайландыруға, қажетсіз кедергілерді жоюға, шекараларда бақылаудан өту уақытын автоматтандыруға және қысқартуға мүмкіндік бермек.

Айта кетерлігі, екі елдің тауар айналымының көлемі бірдей емес. Қазақстанның Ресейден тасымалданатын импорты экспорттан әлдеқайда артық. Сондықтан, Айдарбек Сапаров Ресей нарығына қазақстандық өнімді жеткізу көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажеттігін де айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу