Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірістері жоспарлы көрсеткіштен асып түсті: 17%-ға жуық өсім

135

2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері 104,4%-ға орындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірістері жоспарлы көрсеткіштен асып түсті: 17%-ға жуық өсім Фото: DepositPhotos

Атап айтқанда:

  • Жоспарланған 6,2 трлн орнына 6,4 трлн теңге түсті;
  • Жоспар 268,7 млрд теңгеге асыра орындалды;
  • 2025 жылмен салыстырғанда өсім 930,6 млрд теңгені (+16,9%) құрады.

Республикалық және жергілікті бюджеттер жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындады.

Өсім Қазақстанның экспорттық тауарлары бағасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемінің артуы, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелері есебінен қамтамасыз етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу