Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесі одан әрі жетілдіруді талап етеді

552

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасының орынбасары Әркен Өтенов Парламентаризм институты ұйымдастырған “Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру” тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесі одан әрі жетілдіруді талап етеді Фото: e-history.kz

Агенттік төрағасының орынбасары өз сөзінде мемлекеттік жоспарлаудың негізгі жүйелік проблемаларын және басымдықтарын айқындау, бағдарламалық құжаттарды қаржылық қамтамасыз ету, көрсеткіштердің бөлінісі, міндеттерді тиімді іске асырумен байланысты мәселелерді шешу жолдарына тоқталды.

Саланы заңнамалық реттеу бойынша Әркен Өтенов: "Бізге ағымдағы мақсаттар мен проблемаларды ескере алатын, ыңғайлы құрылым қажет, заңның қабылдануы бюрократияны күшейтіп, жүйені өзгерістерге икемсіз етуі мүмкін" - деді.

Дөңгелек үстел қатысушылары өзара пікір алмаса отырып, Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесі одан әрі жетілдіруді талап ететініне келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу