Қазақстанның МӨЗ: 1 айда 1 080 456 тонна мұнай өңделген

1075

Қазақстанның МӨЗ: 1 айда 1 080 456 тонна мұнай өңделген

Үстіміздегі жылдың қазан айында Атырау мұнай өңдеу зауыты, Павлодар мұнайхимия зауыты және Шымкенттегі "ПетроКазахстан Ойл Продактс" кәсіпорны жалпы көлемі  1 080 456 тонна мұнай өңдеген, деп мәлімдеді  "ҚМГ-ПМ" АҚ бұқарамен байланыс қызметі.

"Барлығы  2016 жылдың  10 айында  зауыттар 11 373 466 тонна мұнай өңдеді. Жоспар 100,22 пайызға орындалып отыр (ол жоспардағыдан 24903 тоннаға көп). Осы уақыт ішінде 10 511 550 тонна өнім өндірілген, бұл жоспардағыдан  50752 тоннаға көп. Соның 2 336 850 тонанасы – автобензин, 3 421 671 тоннасы – дизельдік отын, 219 441 тоннасы – авиакеросин болды,", – делінеді хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу