Қазақстанның оффшорлық аймақтар тізімі жаңарды

93

Қаулы мамырдан бастап күшіне енеді. 

Қазақстанның оффшорлық аймақтар тізімі жаңарды Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк оффшорлық аймақтардың тізбесін бекітті. Қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оффшорлық аймақтар – жеңілдікті салық режимін ұсынатын және қаржылық операцияларды жүргізу кезінде ақпаратты жария етуді және ұсынуды көздемейтін мемлекеттер мен аумақтар. 

Тізімде 50 елдің аты аталады. Олардың қатарында АҚШ (Американдық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтарының бөлігінде ғана); Андорра Княздігі; Антигуа және Барбуда мемлекеті; Багам аралдары Достастығы; Белиз мемлекеті; Бруней Даруссалам мемлекеті; Танзания Біріккен Республикасы; Вануату Республикасы; Гватемала Республикасы; Гренада мемлекеті; Джибути Республикасы; Доминика Достастығы; Доминикан Республикасы; Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағының бөлігінде ғана); Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана) енді. 

Сонымен қатар тізбеге келесі мемлекеттер де қосылған: Комор аралдары Одағы; Гайана Кооперативтік Республикасы; Коста-Рика Республикасы; Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік ауданының аумағы бөлігінде ғана); Либерия Республикасы; Ливан Республикасы; Мауритания Ислам Республикасы; Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігінде ғана); Мальдив Республикасы; Мальта Республикасы; Солтүстік Мариан Аралдары Достастығы; Маршалл аралдары Республикасы; Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана); Мьянма Одағы; Науру Республикасы. 

Оффшор аймақтардың қатарында Нигерия Федеративтік Республикасы; Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); Палау Республикасы; Панама Республикасы; Португалия (Мадейра аралдары аумағының бөлігінде ғана); Самоа Тәуелсіз Мемлекеті; Сейшель аралдары Республикасы; Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті; Сент-Китс және Невис Федерациясы; Сент-Люсия мемлекеті; Суринам Республикасы; Тонга Корольдігі; Тринидад және Тобаго Республикасы бар. Бұдан бөлек тізімнен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі (Ангилья аралдары, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Норманд аралдары (Сарк, Олдерни аралдары), Оңтүстік Георгия аралы, Оңтүстік Сандвич аралдары, Теркс және Кайкос аралдары, Чагос аралы аумақтарының бөлігінде ғана); Фиджи Тәуелсіз Демократиялық Республикасы; Филиппин Республикасы; Француз Республикасы (Кергелен аралдары, Француздық Гвиана, Француздық Полинезия аумақтарының бөлігінде ғана); Черногория Республикасы; Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы және Ямайканы да көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу