Еліміздің оңтүстігінде 103 суару каналы автоматтандырылады

102

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.

Еліміздің оңтүстігінде 103 суару каналы автоматтандырылады Фото: Жасанды интеллект

Қазақстанның бірқатар өңірінде су шаруашылығы нысандарын жаңғырту, ирригациялық жүйелерді реконструкциялау және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында жұмыстар жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында ұзындығы 143 шақырымнан асатын ирригациялық желіні реконструкциялау жобасы басталды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірдегі су шаруашылығы нысандарының жағдайымен және жүзеге асып жатқан жобалардың барысымен танысты.

Астанада Аралды құтқару халықаралық қорының Басқарма отырысы өтті. Сонымен қатар Су ресурстары және ирригация министрлігі бөгеттер мен су қоймаларының қауіпсіздігін бақылау жұмыстары қалай жүргізілетінін түсіндірді.

Ақмола облысында "Қазсушар" филиалы су шаруашылығы нысандарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Осындай кезекшілік Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларында да енгізілді.

Министрлік мәліметінше, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында елімізде су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны бес есе артқан.

Сондай-ақ Астанада өткен "Мөлдір бұлақ" республикалық экологиялық акциясының қорытындысы жарияланып, студенттер "Суды үнемде – болашақты сақта!" атты экологиялық сағатқа қатысты.

Бұдан бөлек, Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ирригациялық желілерді реконструкциялау жобасы аясында үнемделген қаражат есебінен 14 каналды бетондау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу