Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барып, Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдері өнеркәсіп министрлерінің алғашқы отырысында, сонымен қатар "ИННОПРОМ. Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіп көрмесінің басты пленарлық сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, бұл жетістіктер өзара серіктестіктің жоғары әлеуетін көрсетіп, оны одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның 2025 жылы Орталық Азия елдерімен өнеркәсіп өнімдері бойынша өзара сауда көлемі $7,2 млрд-қа, ал Ресеймен $26,8 млрд-қа жеткен. Бұдан басқа, Орталық Азия елдерімен бірге жалпы құны шамамен $2,2 млрд болатын 85-тен астам жоба қолға алынған. Ал Ресей Федерациясымен арада $52,6 млрд сомасына жуық 177 бірлескен жоба жүзеге асырылуда.
Бұдан бөлек, министр Ресей мен Орталық Азия елдері өнеркәсіп министрлерін 2026 жылғы 29 мамырда Астанада болатын, Еуразиялық экономикалық форум және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер басшылары қатысатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында өтетін ТМД елдерінің Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің отырысына шақырды.
Ресей және Орталық Азия елдері өнеркәсіп министрлерінің отырысы қорытындысы бойынша коммюнике қабылданды.
Сапар барысында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ресей Федерациясы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Денис Мантуров, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев және Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Виктор Каранкевичпен бірге "Технологиялық хабтар – Еуразияның жаңа өнеркәсіптік ландшафты" атты негізгі пленарлық сессияға қатысып, сөз сөйледі.
Көрме алаңында Татарстан Раисы Рустам Миннихановпен, Башқұртстан Басшысы Радий Хабировпен және Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецовпен кездесулер өткізді.
Екіжақты кездесулер барысында өзбекстандық әріптестермен Мемлекет басшысының 2026 жылғы 11 сәуірде Өзбекстанның Бұхара қаласына жасаған сапары барысында берілген тапсырмалары талқыланды.