Салтанатты рәсім барысында Елші Е.Тоғжанов Өзбекстан басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шавкат Мирзиёев екі ел қатынастарының серпінді дамып келе жатқанын атап өтіп, бауырлас халықтар арасындағы тарихи достық байланыстар стратегиялық әріптестік пен одақтастықты дәйекті түрде нығайтудың берік негізі болып табылатынына ерекше тоқталды.
Тараптар саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға өзара мүдделілікті растады.