Қазақстанның Ресей алдындағы сыртқы қарызы неге ұлғайды?

701

Ұлттық Банк дерегінше, Қазақстанның Ресей алдындағы берешегі 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 18,4 млрд долларды құрап отыр. 

Қазақстанның Ресей алдындағы сыртқы қарызы неге ұлғайды? Фото: baq.kz

Қазақстанның көрші ел алдындағы қарызы 2022 жылғы 1 сәуірдегі көрсеткіштен 4,3 млрд доллар немесе 30,5%-ға ұлғайған, деп жазады inbusiness.kz Lsm.kz басылымына сілтеме жасап.

"Ресей резиденттері алдындағы борыштық міндеттемелердің негізгі өсімі мемлекеттік басқару органдарында болып отыр (0,7 млрд доллар, +77,3%.), қазақстандық банктердің қарызы (0,9 млрд доллар) және басқа секторлардың қарызы (2 2,1 млрд доллар). Банктердің мен өзге де секторлардың несиелері мен қарыздары бойынша сыртқы міндеттемелердің өсуіне 2022 жылдың II тоқсанында Ресей рублінің нығаюына байланысты  асыра оң бағалау ықпал етті. Міндеттемелер басқа секторлардың сауда несиелері мен аванстары және Үкіметтің борыштық бағалы қағаздары бойынша да өсті", – деп хабарлады Ұлттық Банк.

Сонымен бірге бас банктің ақпараты бойынша, Мемлекеттік сыртқы қарыз рубльдің нығаюы әсерінен де болған құндық ауытқулардың ықпалында қалды.

Нәтижесінде, бұл Қаржы министрлігінің Мәскеу қор биржасына шығарған бағалы қағаздарына әсер етті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның сыртқы борышының жалпы көлемі шамамен 164,2 млрд құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу