Қазақстан-ресейлік "Бәйтерек" жобасы аяқталуға жақын, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Бұл жоба Қазақстанда ұлттық ғарыш бағдарламасын құруға ықпал етеді. Біздің жоспарымызда перспективалы зымыран тасушы "Союз 5"-ті бірлесіп ұшыру бар, – деді Ресейдің ведомство басшысы.
Лавров АЭС құрылысын жүргізуге жауапты халықаралық консорциумның жетекшісі ретінде ресейлік "Росатом" корпорациясын таңдау шешімін қолдағанын ерекше атап өтті.
Министрдің айтуынша, бірлескен жылу және гидроэнергетикалық жобалар арқылы энергетикалық қауіпсіздікті ілгерілетуге үлкен көңіл бөлінеді.
– Біз мәдени-гуманитарлық байланыстарды жоғары бағалап, Қазақстандағы ресейлік университеттер филиалдарының желісін дамыту мәселесін талқыладық, бұл өзара процесс биыл басталған. Мәселен, қыркүйек айында Омбыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы студенттерге есігін айқара ашты. Қазақстан мен Ресейде бірлескен оқу орындарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді ол.