Қазақстанның робототехникадан ұлттық құрама командасы жасақталды

106

Фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан 5 мыңнан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстанның робототехникадан ұлттық құрама командасы жасақталды Фото: gov.kz

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі робототехника және STEM-технологиялары фестивалі Alem Tech Fest 2026 жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Марапаттау рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ақпараттық технологиялар және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев,"Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақупов және салалық министрліктер мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жаслан Мәдиев жастардың инженерлік әлеуетін жоғары бағалап, атап өтті: "Робототехниканы дамыту – еліміздің цифрлық трансформациясының маңызды бағыты. Бүгін біз тек конструкторлармен айналысып жүрген оқушыларды емес, болашақ инженерлер мен жасанды интеллект саласының мамандарын көріп отырмыз. Дәл осы дарынды жастар озық технологияларды өнеркәсіп пен мемлекеттік басқару саласына енгізіп, еліміздің жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады".

Фестиваль бағдарламасының негізгі бөлігі Central Asia FIRST Championship турнирінің қорытындысы бойынша 50 үздік команда анықталып, оларға ақшалай сыйлықтар мен білім гранттары берілді.

Сонымен қатар, 16 үздік жеңімпаз-командалардан Қазақстанның ұлттық құрама командасы жасақталды. Ұлттық құрама командасы Хьюстон қаласында (АҚШ) өтетін FIRST Championship 2026 әлемдік финалында ел намысын қорғайды. Қалған жүлдегер-командалар Солтүстік Америка, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық турнирлерге жолдама алды.

Қазақстан ұлттық құрамасына келесі командалар енді:
FIRST LEGO League Explore: Alem Innovators;
FIRST LEGO League Challenge: FIZTEX, ToleBi Daryn, Tidal Tumble;
FIRST Tech Challenge: JelToqSun, TGJ, xCeption, SANA, KAP, Panheya, OVERTIME, Nomadic.Dragons.FTC, FIZMAT ROBOTICS, FoxSlide, MLP, Celestial.

Сонымен қатар фестиваль аясында Alem Drone League, RoboCup Soccer, Physical AI Championship, RoboCup Rescue және Battle of Bots бағыттары бойынша жарыстар өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу