Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 26,8 млрд долларға жетті

703

Биылғы жылғы 7 айда былтырмен салыстырғанда 14,2%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 26,8 млрд долларға жетті

Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы биылғы жылғы 7 айда 26,8 млрд долларды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 14,2%-ға жоғары. Бүгін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты министрлерінің кездесуінде Ведомствоның вице-министрі Әлібек Қуантыров осылай айтты.

Инвестициялық ынтымақтастыққа келсек, ШЫҰ елдерінің Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялары соңғы 10 жылда 27 млрдқа жеткен. Министрдің айтуынша, үздік тәжірибемен алмасу, қаржылық қызметтерді өзара ұсыну бойынша жұмысты жандандыру үшін жақын арада 10 млрд доллар көлемінде инвестиция тарту үшін Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды.

Орталықта 80 елден 1046 компания тіркелген. 115-тен астам юрисдикцияларда бағалы қағаздардың әлемдік нарықтарының 95%-тен астамы реттеледі. 

Жиында ведомство басшысы цифрландыру саласында цифрлық платформаны кеңейту бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ ынтымақтастықты пандемияға дейінгі деңгейге жеткізу және оны нығайту үшін көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы мен оның 2021-2025 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғастыру керектігін атап өтті.

Бейнеконференция режімінде өткізілген отырысқа Үндістан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының өкілдері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу