Қазақстанның "Сібір күші – 2" жобасына қатысуы Ресей мен Қытай келісіміне байланысты

879

Энергетика министрлігі ресейлік газ құбырына қосылу туралы ақпараттың мән-жайын түсіндірді. 

Қазақстанның "Сібір күші – 2" жобасына қатысуы Ресей мен Қытай келісіміне байланысты

Бірінші энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовтың сөзінше Шығыс Қазақстанды газбен қамту біраз зерттеуді қажет етеді. 

"Шығыс Қазақстан облысындағы Сарыбұлақ газ кен орнында көгілдір отын көлемі аз. Ол облысты толық газбен қамтуға жетпейді",– деді Махамбет Досмұхамбетов. 

Вице-министр Қазақстанның "Сібір күші – 2" жобасына қатысуы Ресей мен Қытайдың келісіміне байланысты екенін айтты.  

"Егер осы газ құбырын Қазақстан арқылы тартуды шешсе, бізге шығысты толық көгілдір отынмен қамтуға болады. Олай болмаған жағдайда Барнауылдан жеке құбыр тартуымыз мүмкін",– деді вице-министр. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу