Қазақстанның Сирияға әскер жіберетіндігіне қатысты ҚР СІМ түсінік берді

951

Қазақстанның Сирияға әскер жіберетіндігіне қатысты ҚР СІМ түсінік берді

Қазақстанның Сирияға әскер жіберетіндігі туралы БАҚ-тағы ақпарат кешелі бері қоғамда талас тудырды. Осыған байланысты ҚР СІМ баспасөз қызметі түсінік берді.

Қазақстанның Астанада алаң ұсынуы еліміздің Сирия дағдарысын реттеудегі нақты үлесі болып табылады. Бірақ Қазақстан Сирияға өз әскери қызметшілерін жіберу бойынша ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы қақтығысты бәсеңдетудің төрт аймағының қауіпсіздігі мен тиімділігі қандай жолмен қамтамасыз етілетіні туралы мәселе Астана процесі кепілгер елдерінің құзырында. Олар осы және басқа да мәселелерді Қазақстан елордасында 4-5 шілдеде кезекті кездесу барысында талқылайтын болады.

Кез-келген жағдайда әлемнің қайсыбір қақтығыс ошағына өз бітімгерлерімізді жіберу мүмкіндігін қарастырудың маңызды қағидатты шарты – БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарының және осы ұйымның тиісті мандатының болуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу