Қазақстанның Солтүстік Македонияға экспорты айтарлықтай ұлғайды

447

Қазақстан негізінен металл бұйымдары мен зығыр тұқымдарын жеткізеді.  

Қазақстанның Солтүстік Македонияға экспорты айтарлықтай ұлғайды Фото: gov.kz

2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы тауар айналымы 8,9 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8 есе жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық экономика министрлігінің телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Аталған уақыт аралығында Қазақстан Солтүстік Македонияға  7,3 млн долларға өнім экспорттаған. Экспорт өсімі 73,6 есені құрады. Елімізде жеткізілетін металл бұйымдары мен зығыр тұқымдарының көлемі едәуір артқан. 

Солтүстік Македониядан елімізге негізінен  дәрілік заттар, киім, жылжымалы құрамның бөлшектері, пластмассадан жасалған бұйымдар, оқшауланған сымдар мен кабельдер әкелінеді. Қаңтар-тамызда Қазақстанға 1,6 млн доллардың заты әкелінді. Импорт 55,1%-ке өскен. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу