Қазақстанның "Стати ісіне" қанша қаражат жұмсағаны айтылмайды, "құпия" – Қанат Мусин

1361

Қазақстан молдавалық бизнесмен Анатол Статиге қатысты сот дауына қанша сома жұмсады? Бюджеттен консультанттарға қанша қаражат бөлінді? Бұл сұраққа Әділет министрі Қанат Мусиннен жауап алу мүмкін болмады. "Құпия".

Қазақстанның "Стати ісіне" қанша қаражат жұмсағаны айтылмайды, "құпия" – Қанат Мусин

"Ақпаратты жария ете алмаймын, бұл – құпия, келісімшартта жариялауға болмайды деп көрсетілген. Айта кетерлігі, жұмсалған ақша жойылған шешімдер мен өндірілген сомадан жүз есе аз", деді министр мәжілісте өткен үкімет сағатынан кейін журналистерге берген сұхбатында. 

Стати ісі әлі жалғасып жатыр. Қазақстан Швеция сотының молдавалық бизнесменнің пайдасына шығарған шешімін заңсыз деп санайды.

Қазақстанның мұнай саласына инвестиция салған Анатол Стати мен оның ұлы Габриэль Стати Қазақстанның мемлекеттік органдары өзін "инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алғанын" айтқан. Қазақстан бұл айыптауды терістеп, Статиді "алаяқтық жасады" деп айыптаған.

Фотоkp.md

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу