Қазақстанның стратегиялық нысандарын қорғау күшейтілді

169

Бұл туралы сенатор Андрей Лукин мәлім етті. 

Қазақстанның стратегиялық нысандарын қорғау күшейтілді   Фото: Қорғаныс министрлігі

Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты еліміздегі стратегиялық нысандардың терроризмге қарсы қорғанысын күшейту шаралары қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Бүгін Сенат отырысына кейін БАҚ өкілдері одан Мемлекет басшысының стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін күшейту жөніндегі тапсырмасынан кейін ірі мұнай жобаларының, атап айтқанда Қашаған және Теңізшевройл нысандарының қорғалу деңгейі туралы сұраған еді.

– Шынында да, Мемлекет басшысы бірден терроризмге қарсы қорғаныс мәселесіне назар аударды. Қауіпсіздік кеңесінің арнайы отырысы өткізілді. Барлық құрылымымыз қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшірілді – бұл алдын алу шараларының бірі. Ал ескерту шараларына келсек, ең алдымен біздің стратегиялық нысандардың терроризмге қарсы қорғанысы туралы айтқым келеді. Қазақстан Республикасында орналасқан мұнай өндіруші кәсіпорындардың тиісті бөлімшелері бар және олардың әуеден де, құрлықтан да, сондай-ақ Каспий теңізі жағынан да террористік шабуылдарға қарсы әрекет ету бойынша нақты міндеттері белгіленген, – деді Андрей Лукин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу