Қазақстанның Сыртқы істер министрі Швейцарияға ресми сапармен барады

60

 2 желтоқсанда Швейцария тарапының шақыруымен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Швейцария Конфедерациясына ресми сапар жасайды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Швейцарияға ресми сапармен барады  Фото: СІМ

Швейцарияның вице-президенті, Экономика, білім және зерттеулер федералды департаментінің басшысы Ги Пармеланмен және Швейцарияның Сыртқы істер федералды департаментінің басшысы Иньяцио Кассиспен келіссөздер өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Кездесулерде тараптар Қазақстан – Швейцария арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылайды. Сондай-ақ 2026 жылы Швейцарияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясындағы көпжақты күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасады. Сонымен бірге Швейцарияның жетекші іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған, – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі, Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров.

28 қарашада Швейцария вице-президенті Ги Пармеланның қатысуымен "Қазақстан – Швейцария" іскерлік кеңесінің 5-ші отырысы өтеді.

Іскерлік кеңесті "Қазақстан темір жолы" АҚ және "Stadler Rail" бірлесіп ұйымдастырады. Шараға екі елдің жетекші компаниялары мен салалық қауымдастықтарының өкілдері қатысады. Кездесуде экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары және бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу