Қазақстанның сыртқы қарызы 167,9 миллиард долларға жетті

1697

Қазақстанның сыртқы қарызы 167,9 миллиард долларға жетті

Қазақстанның сыртқы қарызы 167,9 млрд долларға жетті. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің айтуынша, бұл 1-ші шілдедегі көрсеткіш. Оның 13,2 млрд доллары мемлекеттік секторға тиесілі берешек болса, 6,2 млрд доллары екінші деңгейлі банктердің қарызы екен. Биыл қаржы ұйымдары алған ақшаның 1 млрд долларын ғана қайтара алыпты. Тағы 42,4 млрд доллар өзге секторлар бойынша алынған. Сондай-ақ, соңғы 6 айда мемлекеттік мекемелер есебінен қосымша 400 млн доллар жиналыпты. Бұдан бөлек, Ұлттық банк басшысы инфляция көрсеткіші - 4,2 пайыз болғанын да жеткізіп отыр.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

"Қыркүйекте жылдық инфляция 7,1 пайыз деңгейінде қалыптасты. Өткен жылы осы уақыттағы жылдық инфляция 16,6 пайызды құрады. Жылдың қорытындысы бойынша, инфляцияны ағымдағы жылға арналған 6-8 пайыздық нысаналы дәліз шегінде сақталады деп күтеміз"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу