Қазақстанның сыртқы саудасының жағымды сальдосы қаңтарда 9,6%-ға өсті

1889

Қазақстанның сыртқы саудасының жағымды сальдосы қаңтарда 9,6%-ға өсті

Қазақстанның сыртқы сауда балансының оң сальдосы 2017 жылдың қаңтарында 1,3 млрд долларды құрады. Бұл 2016  жылдың қаңтарындағы деңгейден 9,6%-ға жоғары, деп хабарлады статистика комитеті.
Еліміздің сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтарында 2016  жылдың қаңтарымен салыстырғанда 21,1%-ға, 5,3 млрд долларға дейін өсті. Оның ішінде экспорт – 3,3 млрд (18,9%-ға көп), импорт – 2 млрд (25%-ға көп) долларды құрады.
ЕАЭО елдерімен экспорт есептік кезеңде 367,4 млн (59,2%-ға көп), импорт 831,4 млн (51,3%-ға көп) долларды құрады.
Қазақстандық өнімді негізінен Италия – 20,3%, Қытай – 11,4%, Франция – 11,3% сатып алған.
Қазақстан есептік кезеңде негізінен Ресейден (39,6%), Қытайдан (16,8%), АҚШ-тан (7,7%) импорттаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу