Қазақстанның сыртқы саясаттағы беделіне көптеген ел сүйсінеді

38

Еліміз 2025 жылы да көпвекторлы сыртқы саясатын табанды түрде жалғастырып келеді. 

Қазақстанның сыртқы саясаттағы беделіне көптеген ел сүйсінеді Фото: dknews.kz

Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдегі ресми сапарлары мен елге келген әртүрлі деңгейдегі басшылардың ыстық-ықыласы, достық қарым-қатынасы дәлел бола алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мысалы, ел Президентінің Қытай, Түркия, Германия, Әзербайжан және Оңтүстік Кореяға жасаған ресми сапарлары еліміздің халықаралық беделін арттыра түсті, сауда-экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтерді.

Осы орайда, Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы Еуропа мен Азия арасындағы жүк айналымы артып, Қазақстан Орталық Азиядағы басты логистикалық хабқа айналғанын айтпай кету мүмкін емес. Бұл бастама тек транзиттік әлеует емес, геосаяси маңыздылықты да арттырды, айқындады.

Әрине, сыртқы саясаттағы бейтараптық ұстанымын сақтаған Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы соғыста ешбір тарапқа қосылмай, диалогқа үндейтін ел ретінде ерекшеленді. Астана алаңы бейбіт келіссөздерге қайта ұсынылып, еліміздің бітімгерлік рөлін әлем мойындап жатыр.

Сол секілді, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ аясындағы бастамалар, климат, азық-түлік қауіпсіздігі, ядролық қарусыздану бағытындағы ұстанымдар Қазақстанды жаһандық деңгейде сенімді әріптес ел ретінде танытып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу