Қазақстанның тауарын қандай мемлекеттер тұтынады

816

Сауда және интегация вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, бұл мемлекеттің үштігі – Ресей, Қытай және Өзбекстан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Қазақстанның тауарын қандай мемлекеттер тұтынады

"2020 жыл бүкіл әлем үшін күрделі болды. Көптеген ел әлемдік тауар нарықтарындағы сұраныстың төмендеуіне, жүк тасымалының күрделенуіне, шетелдік бизнес-серіктестермен байланыстардың үзілуіне тап болды. Осының салдарынан тауарлардың халықаралық саудасының көлемі 5%, көрсетілетін қызметтер саудасы 20% қысқарды. Бұл ретте биыл біртіндеп ахуалдың қалпына келуі байқалады. Мәселен, 5 айда Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 36,4 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1% - ға артты", дейді министрліктің алқа отырысында Қайрат Төребаев.

Оның айтуынша, шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 23,4%өсіп, 7,2 млрд долларды құраған. 

"Мыс пен катодтар өсім драйверіне айналды. Олардың экспорты 35,7% өсті. Жалпақ прокатты жеткізу де 89,1%, күміс 2,2 есе, күнбағыс майы 49,5% артты. Қазақстандық өнімнің негізгі тұтынушылары Ресей, Қытай, Өзбекстан болып отыр", дейді ол.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу