Қазақстанның тұрақты өкілі ДСҰ бас директорына сенім грамоталарын тапсырды

492

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жанар Айтжан ДСҰ бас директоры Нгози Оконджо-Ивеалаға сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанның тұрақты өкілі ДСҰ бас директорына сенім грамоталарын тапсырды Фото: gov.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кездесу барысында Н. Оконджо-Ивеала Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ДСҰ жанынан Қазақстанның Тұрақты өкілдігін ашу туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді. Бас директордың пікірінше, бұл еліміздің 2022 жылғы маусымда Қазақстанның төрағалығымен сәтті аяқталған ДСҰ-ның XXII министрлік конференциясы барысында қол жеткізілген уағдаластықтар имплементациясына елеулі үлес қосуға ықпал етеді.

Өз кезегінде Қазақстанның тұрақты өкілі 2015 жылы ДСҰ-ға кірген сәттен бастап, Қазақстан көпжақты сауда жүйесін белсенді түрде қолдайтынын атап өтті. Бұған дейін Қазақстан ДСҰ-ның Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитетінің жұмысына төрағалық еткен, 2018 жылдан бастап еліміз ДСҰ-ның Қызметтер саудасы жөніндегі арнайы сессиясын басқарып келеді. Қазақстанның, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің Ұйымға кіруіне жәрдем көрсететіні және теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің мүдделерін білдіретіні атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу