Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды

683

Елшіліктің телеграмм-каналында қазақстандықтарға арналған үндеу жарияланды.

Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды

Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы сигналдарына мұқият мән беруге және өз баспаналарында болуға шақырады", – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін Ресей Киев орталығын атқылай бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу