Қазақстанның Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 20 ақпанда төмендетуі мүмкін – Sberbank CIB

910

Қазақстанның Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 20 ақпанда төмендетуі мүмкін – Sberbank CIB

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімді 20 ақпанда қабылдауы мүмкін, деп санайды Sberbank Investment Research талдаушылары.
"Жылдық инфляция қарқыны еліміздің Ұлттық банкі белгілеген 6-8% мөлшеріне қайта түсті.  Бұл дегеніміз, Ұлттық банк басшылығы 20 ақпандағы отырысында базалық пайыздық мөлшерлемені (қазір ол 12%-ды құрайды) төмендету туралы шешім қабылдауы ықтимал", – делінген талдамада.
Sberbank Investment Research бағалауы бойынша, алдағы айларда инфляция қарқыны 6-8% аралығында, ал жылдың соңында 7%  шамасында болады.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу