Қазақстанның Ұлттық банкі "Күлтегін" ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды

1085

Қазақстанның Ұлттық банкі "Күлтегін" ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 4 қарашада "Дала қазынасы" монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, "proof" сапалы  "Күлтегін" күміс ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына және аударым жасау үшін қабылданып, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

"Proof" сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу