Қазақстанның үздік боксшысы Головкинді ығыстырып, WBC рейтингінде көш бастады

229

GGG рейтингтен шығып қалды.

Қазақстанның үздік боксшысы Головкинді ығыстырып, WBC рейтингінде көш бастады Фото: meiirim.nursultanov

BoxRec.com нұсқасы бойынша еліміздің ең үздік боксшысы саналатын орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

Мейірім орта салмақтағы WBC рейтингінде екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді көш басынан ығыстырды. GGG рейтингтен шығып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегін 17 қарашада Ташкенттегі Дүниежүзілік бокс кеңесінің конвенциясы аясында өткізеді. Оның қарсыласы чилилік Хулио Аламос (16-1, 9 КО) болады, ал жекпе-жек WBC іріктеу турнирі мәртебесіне ие болады.

Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте 19 жекпе-жек өткізіп, 19 жеңіске жеткен. Оның 11-і мерзімінен бұрын аяқталды. Ал қарсыласы Хулио Аламос 18 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу