Қазақстанның үздік тергеушісі анықталды

633

ІІМ-нің ұйымдастыруымен Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында республикалық үздік тергеушілер слеті өтті. 

Қазақстанның үздік тергеушісі анықталды Фото: gov.kz

Қазақстанның үздік тергеушісі анықталды, деп  жазады inbusiness.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар "Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен практикасы" тақырыбында тестілеуден өту, тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру, "Менің мамандығым" тақырыбында эссе жазу және т.б. сындардан өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қызылорда облыстық Полиция департаменті тергеу бөлімінің аға тергеушісі Асылбек Бексейітов жеңіп алды. Екінші орынды Атырау қалалық Полиция басқармасының тергеушісі Исатай Есқалиев, ал үшінші орынды Астана қалалық Полиция департаменті Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының тергеушісі Бауыржан Садвакасов иеленді.

Ал, әскери-тергеу бөлімшесі бойынша бірінші орын Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының ақтөбелік бөлімінің аға тергеушісі Эльмира Қанатпаеваға бұйырды.

Ақпаратқа сәйкес, Астана ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі Әлібек Иманқұлов өзіндік қауіпсіздік департаменті бойынша 2022 жылдың үздік тергеушісі деп танылды.

Бұдан бөлек академияның "Үздік оқытушысы" номинациясын Серікқазы Күмісбеков, "Үздік жас ғалым" номинациясын Құлынтай Монай, академияның "Үзік курсанты" жүлдесін Самат Темірбеков иеленді.

Айта кету керек, шараға еліміздің әр аймағынан 30-дан астам тергеуші қатысты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу