Қазақстанның үздік жоғарғы оқу орындарының рейтингі жасалды

1245

Қазақстанның үздік жоғарғы оқу орындарының рейтингі жасалды

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) жыл сайынғы тоғызыншы үздік жоғарғы оқу орындарының ұлттық рейтингін жариялады, деп хабарлайды nkaoko.kz.

Ұлттық рейтинг халықаралық сарапшылармен мақұлданып, шет елдік басылымдар мен конференцияларда таныстырылды.

Жоғарғы оқу орындарын бағалау үшін үш критерий қолданылған: мекеменің білім беру және ғылыми зерттеу параметрлері, академиялық қауымдастық өкілдерінің арасындағы беделі мен жұмыс берушілердің пікірі.

Биылғы жоғарғы оқу орындарының ұлттық рейтингіне көпбейінді, техникалық, медициналық, педагогикалық, гуманитарлық-экономикалық бағыттағы, барлығы – 61 жоғарғы оқу орны қатысты. Дегенмен, үздік университеттер рейтингіне оның 57-сі ғана кірген. Рейтингке ілінбей қалған білім ордалары БСҚА-дан өздеріне жасалған талдау қорытындысын алуына болады.

Сонымен, көпбейінді университеттер рейтингінде көш бастап тұрған – Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. Екінші орынға – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, үшінші орынға – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті тұрақтаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу