Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі Тұрақты өкілі қызметіне кірісті

116

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі Тұрақты өкілі қызметіне кірісті Фото: СІМ

Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваяға өз уәкілеттілігін табыс етіп, міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әңгімелесу барысында Елші Е.Қазыхан Т.Валоваяға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипатын жеткізіп, Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің жұмысын одан әрі қолдайтынын қуаттады. Т.Валовая өз кезегінде Қазақстанның БҰҰ аясындағы белсенді жұмысын құптап, Тұрақты өкілді Бөлімше қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тараптар бірлескен жобалар мен көпжақты іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін, БҰҰ-ның Женева алаңында Қазақстанның ірі халықаралық бастамаларын одан әрі ілгерілету перспективаларын талқылады. Алматыдағы БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының жұмысы мен келесі жылы Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке ерекше назар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу