Үш ірі оператордан (ТШО, НКОК, ҚПО) және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ компаниялар тобынан бөлек, жылына 100 млн теңгеден астам сомаға тауар сатып алатын 60 жер қойнауын пайдаланушы іріктелді.
Аталған жер қойнауын пайдаланушылардың тауар сатып алуларына талдау жүргізілді, қазақстандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру және ұзақ мерзімді шарттар жасасу әлеуетін түсіндіру, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіндегі қазақстандық өндірушілерге басымдық беру талаптарын жеткізу бойынша олардың барлығымен кездесулер өткізілді.
"Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша бүгінгі күні жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан ұзақ мерзімді шарттарға жалпы сомасы 36,5 млрд теңгеге шамамен 236 тауар позициясы айқындалды (47 жер қойнауын пайдаланушы). 2025 жылдың 9 айында 30 жер қойнауын пайдаланушы 105 тауар позициясы бойынша жалпы сомасы 22,1 млрд теңгеге ұзақ мерзімді шарттар жасасты. Оған бұрандалы сораптар, құбырлар, сорапты-компрессорлық құбырлар, сорап штангалары, фонтандау арматурасы, химиялық өнімдер, құбырлық сораптар, арнайы киім, арнайы аяқ киім, қолғап, матрац, ауыз су, шүберек және т.б. кіреді", – делінген хабарламада.