Қазақстан–Оңтүстік Корея бағытында әуе қатынасы ашылады

1060

Отандық әуе компанияларының табысы жыл басынан бері 1,5 есеге азайған.

Қазақстан–Оңтүстік Корея бағытында әуе қатынасы ашылады

Қазақстан-Оңтүстік Корея бағытында әуе қатынасы ашылады. Әзірге мәселе Үкіметтің деңгейде қаралып жатыр.

Азаматтық авиация комитеті Төрағасының орынбасары Ардақ Өтепов Atameken Business арнасына телефон арқылы берген сұхбатында Түркиямен де байланыстың жанданатынын айтты. Алайда түпкі шешімді тараптардың Үкімет өкілдері қабылдайды.

Күні кеше Түркия Қазақстанның әуе компанияларына бағытты жауып тастаған, бір қызығы "Туркиш Эйрлайнстың" ұшақтары еркін қатынауда. Ал отандық әуе компанияларының табысы жыл басынан бері 1,5 есеге – 170 млрд-тан 99 млрд теңгеге азайған. Сапарлағандардың саны 35 пайызға кеміген.

Азаматтық авиация төрағасының орынбасары бұл турасында да жағымсыз болжамын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу