"Қазақтелеком" ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып белгіленді

202

Қаулы 2026 жылғы 23 қазаннан бастап заңды күшіне енеді.  

"Қазақтелеком" ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып белгіленді Фото: 24.kz/ЖИ

Елімізде ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуіне жауапты ұйым ресми түрде анықталды. Ол – "Қазақтелеком" АҚ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы тиісті қаулысы ресми дереккөздерде жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып белгіленсін", – делінген құжат мәтінінде.

Елдегі ең ірі телекоммуникациялық операторға мұндай мәртебе "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу