"Қазақтеңізкөлікфлоты" Транскаспий арқылы жүк тасымалы көлемін ұлғайтты

575

Халықаралық көлік бағытында контейнерлер тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті.  

"Қазақтеңізкөлікфлоты" Транскаспий арқылы жүк тасымалы көлемін ұлғайтты Фото: kmg.kz

"ҚазМұнайГаздың" еншілес компаниясы "Қазақтеңізкөлікфлоты" биыл мамыр айында Транскаспий халықаралық көлік бағытындағы (ТХКБ) "Ақтау – Алят (Баку)" желісі бойынша жиырма футтық эквивалентте 7451 контейнерді тасымалдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоғары нәтиже "Барыс", "Бүркіт", "Сұңқар"  контейнерлік кемелер, сондай-ақ "Түркістан" және "Бекет Ата" құрғақ жүктерді тасуға арналған кемелер арасында жүк ағынын тиімді бөлу есебінен қамтамасыз етілді. Бұл порттар арасындағы кеме қатынасының қарқынын арттыруға мүмкіндік берді.

"Қазақтеңізкөлікфлоты" – ТХКБ аясында теңізбен тасымалдайтын ресми тіркелген компания. Ол 2019 жылдан бастап өз күшімен Ақтау мен Алят айлақтары арасында 210 мың ЖФЭ тасымалдады, бұл шамамен 2,7 млн тонна жүк көлеміне тең.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу