Қайтарылған активтер есебінен Қазалыда орталық ауруханаға жаңа корпус салынып жатыр

229

Жобаның жүзеге асырылу барысы Қызылорда облысы прокуратурасының бақылауында.

Қайтарылған активтер есебінен Қазалыда орталық ауруханаға жаңа корпус салынып жатыр Фото: видеодан алынған кадр

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс прокуроры Ризабек Ожаров Әйтеке би кентінде салынып жатқан Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасының жаңа корпусының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
 
Қайта жаңғырту жобасы 42 төсек-орынға арналған қосымша корпустың құрылысын қамтиды.
 
Нысан прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынуда.
 
Өңір басшылары құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, аурухананы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарымен танысты.
 
Аудандық аурухананың кеңеюі қолданыстағы бөлімшелерге түсетін жүктемені едәуір азайтып, медициналық көмектің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.
 
Әлеуметтік нысан 2026 жылдың басында пайдалануға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу