Биыл 25 қазан жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасындағылар 24, 25 және 26 қазанда қатарынан үш күн демалады.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. 2022 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойып, 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгіледі.
Жалпы қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 10 күн демалады.
Айта кетейік, мектеп оқушыларының күзгі демалысы 26 қазанда басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады.