Қазан айында Ұлттық қордан бюджетке аударылған трансферттер 327 млрд теңге болды

508

Ұлттық қордың ұзақ мерзімді кірістілігі құрылған кезден бері жылдық мәнде 2,88%. 

Қазан айында Ұлттық қордан бюджетке аударылған трансферттер 327 млрд теңге болды Фото: baq.kz

Бұл туралы Теңгенің динамикасы мен қаржы нарығындағы соңғы үрдістер туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың тезистерінде айтылды, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала деректерге сәйкес, Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 850 млн долларға ұлғайып, қазан айының соңында 52,4 млрд долларды құрады.

"Кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді бөлу мақсатында қазан айында ішкі валюта нарығында 362 млн долларға активтер сатылды, бұл – 171 млрд теңгеге тең. Республикалық бюджеттің қажеттілігін қанағаттандыру үшін Ұлттық қордан 327 млрд теңгеге трансферттер бөлінді", - делінген ақпаратта.

Қазан айында қор нарығының өсуінен Қордың акциялар портфелі біраз бәсеңдеді, айта кету, керек портфель жыл басынан бері құлдырауда. Жалпы,  Ұлттық қордың ұзақ мерзімді кірістілігі құрылған кезден бері жылдық мәнде 2,88%-ды құрайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу