Қазанда салымшылардың зейнетақы жинағы 1,1%-ға өскен

711

2021 жылғы қазанда "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" (БЖЗҚ) АҚ-дағы салымшылардың зейнетақы жинағы 1,1%-ға өсіп, 145 трлн теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ұлттық банкке сілтеме жасап. 

Қазанда салымшылардың зейнетақы жинағы 1,1%-ға өскен

"Биыл 1 қарашада салымшылардың зейнетақы жинағындағы қаржының көлемі – 13 трлн 234 млрд теңге, ал қазанда ол 1,1%-ға өсіп, 145 трлн теңге болды... Осылайша, 2021 жылғы қазанда зейнетақы төлемдерінің сомасы 117 млрд теңгеге жетті", – деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк дерегінше, 2021 жылдың қазанда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза табыс 125 трлн 2 млрд теңгеге жеткен. Яғни түскен таза табыс – 6 трлн 766 млрд теңге. 

1 қарашадағы жағдай бойынша салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны өзгермеген – 10,9 млн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу