Қазанның соңына дейін қоғамдық көліктерде Wi-Fi іске қосылады

493

Алматыда 50 троллейбус сынақ режимінде интернет желісімен қамтылады. 

Қазанның соңына дейін қоғамдық көліктерде Wi-Fi іске қосылады

Бұл туралы Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов онлайн брифинг барысында мәлімдеді. Оның сөзінше Wi-Fi кезең кезеңімен іске қосылады. 

"Тасымалдаушылар операторлармен келіссөздер жүргізуде. Қазіргі кезде бір жеке кәсіпкермен келісімге келдік. Сынақ режимінде "Алматыэлектротранс" көліктеріне орнатудан бастасақ деп отырмыз. Қазір жабдықтарды орнату жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Қазанның соңына дейін немесе қарашаның басына дейін кезең кезеңімен 50 троллейбусті интернет желімімен қамтуды жоспарлап отырмыз. Ары қарай мұны автобустарда дамытамыз", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу