ҚазАтомӨнеркәсіп Ақдала кен орнын игеру мерзімін 2030 жылға дейін ұзартуды көздеп отыр

235

"ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық компаниясы мен Uranium One арасында жасалған Ақдала уран кен орнын барлау және игеру жөніндегі 25 жылдық келісімшарт өз мерзімін аяқтады.  

ҚазАтомӨнеркәсіп Ақдала кен орнын игеру мерзімін 2030 жылға дейін ұзартуды көздеп отыр Фото: Қазатомөнеркәсіп

Алайда ұлттық компания кен орнында игерілмей қалған шамамен 1,5 мың тонна уранды өңдеу үшін жобаның жұмысын 2030 жылға дейін жалғастыруға мүдделі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компанияның мәліметінше, келісімшартта көзделген барлық міндеттемелер толық орындалған. Соған қарамастан, негізгі мерзімнің аяқталуына байланысты 2026 жылғы 28 наурыздан бастап Ақдала кен орнын пайдалану құқығы тоқтатылуы мүмкін.

Келісімшарт аясында Ақдала кеніші "Оңтүстік Төртқұдық–Қарақұм" бірлескен кәсіпорны арқылы игерілді. Бірлескен кәсіпорындағы үлестің 30 пайызы "ҚазАтомӨнеркәсіпке", ал 70 пайызы Uranium One компаниясына тиесілі болды.

Өндірістің тоқтап қалуына жол бермеу үшін мемлекет 28 наурыздан бастап кен орнын уақытша сенімгерлік басқаруға "ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық компаниясына беруді жоспарлап отыр. Себебі өндірістің үзілуі қосымша шығындарға әкеліп қана қоймай, жобаға тартылған білікті мамандардың тарауына себеп болуы мүмкін.

Ұлттық компания өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты, жұмыс орындарын және өндірістік әлеуетті сақтау мақсатында Ақдала кен орнын 2030 жылға дейін игеруге мүмкіндік беретін жаңа келісімшарт жасасу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы компанияның 2025 жылғы операциялық нәтижелері жөніндегі ресми ақпаратында да айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу