"Қазатомөнеркәсіп" KASE арқылы 70 млрд теңге көлемінде қаражат тартты

755

Қазақстандық атомдық компания бес жылдық облигацияларды орналастырған.

"Қазатомөнеркәсіп" KASE арқылы 70 млрд теңге көлемінде қаражат тартты

Облигация құны – 1 мың теңге, айналым уақыты – 61 ай, ал  жылдық купоны – 4 пайыз.

"Қазақстан Халық Банкінің "Halyk Finance" еншілес ұйымы" АҚ осы облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде болды. Жазылым нәтижесі бойынша, эмитент жоспарланған көлемнің барлығын орналастырды.

"Қазатомөнеркәсіп" – уран, сирек металдар, атом электр станцияларына арналған ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы.

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорына "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акцияларының 81,2 пайызы тиесілі, ал 18,8 пайызы АХҚО-да және Лондондағы қор биржасында еркін айналымда жүр.

Табиғат Нұрболат           

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу