Қазатомөнеркәсіп мыс компаниясының үлесін сатты

869

Келісімшартқа 2018 жылы қол қойылып қойған.

Қазатомөнеркәсіп мыс компаниясының үлесін сатты

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Степногорск тау-кен химиялық комбинаты" ЖШС-ге ("СТХК") "Қызылту" ЖШС-тың жарғылық капиталының 76%-дық үлесін сатты. Сатып алу - сату шарты шеңберінде 2019 жылдың 12 маусымында қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылды. СТХК бұған дейін "Қызылту" ЖШС-дағы қалған 24%-дық қатысу үлесіне ие болатын.

Шартқа сәйкес, СТХК бір жыл бойы кәсіпорын қызметінің бейінін, штаттағы қызметкерлер санының кемінде үштен екісін, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ оларды пайдаланудың тәртібі мен шарттарын сақтауға міндеттенеді.

"Қызылту" ЖШС 2006 жылы Ақмола облысындағы "Қызылту" мыс және молибден кен орнын игеруді жүзеге асыру үшін Қазатомөнеркәсіп және СТХК қатысуымен құрылған.

"Қызылту" ЖШС-дағы үлесті бейінді емес актив ретінде өткізудің жоспарланғаны жайлы ақпарат Компанияның IPO жөніндегі проспектісінде орналастырылған болатын. Сату мәмілесі "Самұрық - Қазына" АҚ активтерін өткізудің, қайта құрылымдаудың бірыңғай ережелеріне сәйкес жүргізілді. Қазатомөнеркәсіптің бейінді емес еншілес және тәуелді ұйымдарын сату Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу