"Қазатомөнеркәсіп" сирек кездесетін металдар кен орнын игереді

Компанияның еншілес ұйымы Жоғарғы Ырғыз кен орнында қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алды. 

"Қазатомөнеркәсіп" сирек кездесетін металдар кен орнын игереді Фото: kazatomprom.kz

"Қазатомөнеркәсіптің" еншілес ұйымы – "Үлбі металлургия зауыты" АҚ (бұдан әрі - ҮМЗ) Ақтөбе облысындағы Жоғарғы Ырғыз кен орнында қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алды.

Сирек металдардың (тантал, ниобий, бериллий) қорлары мен ресурстарын бағалау және растау үшін кәсіпорын учаскеде жер қойнауын геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 

Жоба атом холдингіне қолданыстағы өндірісті өзінің минералды-шикізат базасымен қамтамасыз етуге, түпкілікті дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, экономикалық тиімділікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

"Үлбі металлургия зауыты" Қазақстандағы бірегей кәсіпорын және уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін әлемде танылған өндірушілердің бірі болып табылады.

Зауыт – ТМД аумағындағы жалғыз және тантал, ниобий және бериллийді өңдеуден бастап жоғары сапалы дайын өнімдерді шығаруға дейінгі толық өндірістік циклі бар әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу