"Қазатомөнеркәсіп" уран өндіру мен сатудан әлемдік нарықтағы көшбасшылығын сақтап отыр

850

Мемлекет басшысының қабылдауында болған "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов осылай деді.

"Қазатомөнеркәсіп" уран өндіру мен сатудан әлемдік нарықтағы көшбасшылығын сақтап отыр

Қазақстан Президентіне ұлттық атом компаниясының 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтемемен.

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, компания коронавирус пандемиясына қарамастан алдына қойылған барлық міндетті орындаған. "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамы үшінші жыл қатарынан өнім өткізу ісінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, уран өндіру және сату көлемі бойынша әлемдік нарықтағы көшбасшы мәртебесін сенімді түрде сақтап отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына цифрлық трансформация бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, компаниядағы бизнес-процестердің жетілдірілуі және жылу бөлетін құрылғылар (ЖБҚ) шығаратын зауыт құрылысының аяқталуы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу