Қазатомөнеркәсіпке қарасты" "Байкен-U" компаниясының жауапты қызметкері ұсталды

766

Компанияның сатып алу жөніндегі департаментінің басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылордадағы департаментінің қызметкерлері ұстаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазатомөнеркәсіпке қарасты" "Байкен-U" компаниясының жауапты қызметкері ұсталды

"Ол мердігер ұйымның өкілінен 2,2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр", – деп хабарлайды агенттіктен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған лауазымды адам орындалған жұмыстың актісінен кедергісіз қол қойып, артынша ақшаны келісімге сәйкес көрсетілген қызметке аударғаны үшін алған.

"Одан басқа ақпарат жарияланбайды. Тергеу жалғасуда", –  делінген хабарламада.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу