"Қазавиақұтқару" тікұшағы науқасты шұғыл жеткізді

332

Ұшу әуе кемесінің командирі Уналбаев Тілеген мен екінші ұшқыш Нүсіпов Дидардың басшылығымен орындалды.  

"Қазавиақұтқару" тікұшағы науқасты шұғыл жеткізді Фото: Видеодан скриншот

ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы шұғыл көмекке келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазавиаспас" АҚ тікұшағының экипажы Көкшетау – Атбасар – Көкшетау бағыты бойынша санитарлық авиация желісі бойынша рейсті орындады.

Ұшу мақсаты шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет ететін әйелді жедел жеткізу болды. Экипаж мен медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында науқас жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Тікұшақты В2 жетекші инженер Максимов Вячеслав дайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу