"ҚазАвтоЖол" 600-ден аса жүк көлігінен негізсіз ақы алған

306

"ҚазАвтоЖол" ауыр жүк көліктерінің иелерінен негізсіз ақы алғаны белгілі болды.  

"ҚазАвтоЖол" 600-ден аса жүк көлігінен негізсіз ақы алған Фото: Inbusiness.kz

ҚР Бас көлік прокуратурасының арнайы іс-шарасы арқасында жолдың ақылы учаскесінде кәсіпкерлерден қаражат алу тоқтатылды, деп хабарлады inbusiness.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ филиалы "Астана-Петропавл" автожолының қиылысында ауыр жүк көліктерінің иелеріне жол жүру сомасын негізсіз есептеген. Көкшетау көлік прокуратурасы жолдардың ақылы учаскелерінде жол жүру ақысын төлеу туралы заңнаманы сақтау мәселесіне қатысты талдау нәтижелері бойынша 605 тасымалдаушы кәсіпкердің құқықтарын қорғады.

Прокуратураның араласуымен автожолдың көрсетілген учаскесінде шамамен 3,5 млн теңге сомаға 605 бизнес субъектісіне жол жүру үшін есептелген сома жойылды, ал заңдылықты бұзуды жою мақсатында жол өлшеу жүйесінің жұмысы қайта қаралғалы жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу