"ҚазАвтоЖол" филиалының басшылары қамауға алынды

1881

Тап қазіргі уақытта   Маңғыстау облысындағы "Қазавтожол" ҰК" АҚ облыстық филиалының басшылары уақытша қамау изоляторында

"ҚазАвтоЖол" филиалының басшылары  қамауға алынды

Маңғыстау облысындағы "Қазавтожол" ҰК" АҚ облыстық филиалының директоры және оның орынбасары, пара алу және бюджет қаражатын ұрлағаны туралы бірнеше фактілер анықталды, деп хабарлады республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі.

Сейсенбі күні таратылған ақпаратқа сүйенсек, "олар Маңғыстау облысындағы жолдарды салуда атқарылған жұмыстар актісіне  кедергісіз қол қою үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде 6 млн теңге көлемінде пара алуды деген күдік бар".

"Аталған топ атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 500 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған", – деп жазылған хабарламада.          

Тап қазіргі уақытта   Маңғыстау облысындағы "Қазавтожол" ҰК" АҚ облыстық филиалының басшылары уақытша қамау изоляторында. Бұлтартпау шараларын таңдау туралы мәселе қаралып жатыр. Тергеу жалғасуда.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу