"ҚазАвтоЖол" жолдарды жөндеуге 93 миллиард теңге несие алды

247

Қаржыландыру жалпы ұзындығы 382 болатын 36 жол учаскесін орташа жөндеуге бағытталады.  

"ҚазАвтоЖол" жолдарды жөндеуге 93 миллиард теңге несие алды Фото: qaj.kz

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Еуропалық инвестициялық банкпен 93,8 млрд теңге сомасына қарыз беру туралы келісімге қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, Каспий бағытына ерекше маңыз беріледі. А-33 Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау порты жолында 88 шақырым жабындыны жаңарту жоспарлануда. 

Сондай-ақ жоба аясында Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы автожолының 81 шақырымы және Ақсай – Шонжы – Қалжат жолының 50 шақырымы орташа жөндеуден өткізіледі.

Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Қордай, Алматы және Қорғас арқылы өтетін халықаралық көлік дәлізінде 51 шақырым жол жабыны жаңартылады. Компанияның мәліметінше, бұл маршрут елдегі ең көп жүктеме түсетін және экономикалық тұрғыдан маңызды көлік учаскелерінің бірі болып табылады. Ол батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерді ірі логистикалық орталықтармен және Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерімен байланыстырады.

Бұдан бөлек, жоба Шымкенттің Солтүстік айналма жолының 27 шақырымын қамтиды. Уаскесін жаңарту өткізу қабілетін арттыруға және қалалық желіге түсетін жүктемені азайтуға көмектеседі.

Жаңарту жұмыстары елдің орталық бөлігін де қамтиды. Жұмыстар Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай бағытындағы учаскелерде жүргізіледі. Жалпы ұзындығы – 41 шақырым.

Төмендегі жолдардың жекелеген учаскелерінің жай-күйін жақсарту жоспарлануда:

  • Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті;
  • Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас;
  • "Сыпатай батыр" өткізу пункті арқылы Қырғызстан шекарасына батыс кіреберіс.

Былтыр елімізде 13 мың шақырым автокөлік жолы салынып жөнделген. Жаңа жолдардың ұзындығы – 1,9 мың шақырым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу