"Қазцинк" кәсіпорнындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты

432

Тағы 5 адам зардап шеккен.

"Қазцинк" кәсіпорнындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты Фото: ТЖМ

Өскемен қаласында "Қазцинк" ЖШС-да болған жарылыс салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін таңертең өндірістік жұмыс барысында болған.

"Түтінсорғышты тазалау барысында жарылыс болып, артынша өрт шығып, конструкциялардың бір бөлігі опырылды. Оқиға салдарынан екі жұмысшы қаза болып, бес адам зардап шекті. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сол жерде жедел қызметтер өз жұмыстарын жалғастырып, апат салдарын жою шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

"Қазцинк" компаниясы марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді. 

"Қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі, оның ішінде материалдық және психологиялық қолдау да болады", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар қоршаған ортаға ықтимал әсерге де бағалау жүргізіледі.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, шаңның таралуы тіркелген, бірақ рұқсат етілген нормадан асу және қауіпті ластаушы заттардың бөлінуі анықталған жоқ", – делінген мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу